• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қараша, 2020

Минскте маска тағып жүру міндеттелді

137 рет
көрсетілді

Беларусь астанасы Минскіде маска тағып жүру тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Минскі қалалық атқарушы комитетінің отырысында жедел респираторлы вирусты инфекция мен коронавирустың алдын алу шаралары бекітілген №1069 шешімге өзгерістер енгізілді.

"Адамдар жұмыс орнында ғана емес, астанадағы кез келген мекемеге барғанда маска тағып жүруі міндетті. «Сондай-ақ, автобус, метро, такси сынды қоғамдық көліктің бәрінде маска тағып отыру қажет", деп толықтырды астана мэриясы.

Бүгіннен бастап қалада COVID-19 бен вирустық инфекциялардың алдын алу талаптарын қадағалау күшейтіледі. Жекеменшік нысандарының кез келген түрінің жетекшілері санитария-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына барлық жағдайды жасауға міндетті.