Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Алматыда алғашқы қысқы жауын-шашын ертең, 13 қарашада түседі.
"Фронтальды бөліктердің шиеленісуіне байланысты Алматы облысы мен Алматыда 13 қарашаға қараған түні қар жауады. Күндіз кей жерлерде жауын-шашын болады. 14 қарашада күндіз кей жерлерде жауын-шашын түсіп, қар жауады. 15 қарашада түнде кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отырмыз", деді синоптик Дәулет Қисебаев.
Синоптиктің айтуынша, бұл биылғы Алматыда жауатын алғашқы қалың қар болмақ.