• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Қараша, 2020

Коронавирусты емдеуге жеке медициналық мекемелер көмектесе ме?

151 рет
көрсетілді

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев коронавирусты емдеуге мемлекеттік мекемелердің толыққаны дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ресми өкіл онлайн-брифинг барысында  мәлімдеді.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында мемлекет жеке медициналық мекемелермен келісім шарттар жүргізіп жатқан көрінеді. Алайда, жеке ұйымдар тек қана жағдай аса ауыр болған кезде ғана көмекке келмек. 

"Өңірлерде инфекциялық провизорлық ауруханалардың барлығы жаңартылып, кейбір аймақтарда жаңа ауруханалар пайдалануға берілді. Екінші толқын бола қалған жағдайда деп дайындық жұмыстары жүргізілді. Екінші толқын бола қалған жағдайда мемлекет тарапынан жеке медициналық ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Бірақ біздің дайындығымыз жеткілікті. Алайда, келісімшарттар жасалмады емес, жасалып жатыр. Олармен алдағы уақытта бөлісетін боламыз", дейді Ержан Байтанаев. 

Еске  салайық, осыған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирустың екінші толқыны бола қалса, жеке медициналық ұйымдардың да емдеу шараларына жұмылдырылатынын айтқан еді.