Осы және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа жобалары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова айтты.
Мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру және кеңес беру, сонымен бірге тиімді жұмыспен саласында әлеуетті арттыру мақсатында Жандосов көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Ten Qadam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Орталықта 28 жұмыс орны ашылды.
100 балаға арналған жекеменшік балалар бақшасы ашылды, оның ішінде 60 орын «Балапан» бағдарламасының аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Атакент аумағында «Әуен әлемі» мектебі ашылды, онда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары домбыра, шаңқобыз және гитарада ойнауды тегін үйренетін болады. Мектепте жылына 400 баланы тәрбиелеу жоспарлануда.
Одан бөлек, Атакент аумағында сырғанау арқылы трюк жасауға негізделген скейтборд, биэмикс, самокат және агрессиялық роликтер сияқты экстремалды жазғы спорт түрлеріне арналған ашық спорттық-жаттығу алаңы - Gorilla Atakent Park салынды.
«Бұған дейін Мұстафа Өзтүрік көшесі бойында қараусыз қалған учаске болған, ол әдемі саябақ етіп қайта жасалып, спорттық тренажерлер, балалар алаңы және демалыс аймағы пайда болды, аумаққа көгалдандыру жүргізіліп, балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін жаңа теннис корты салынды. Тұрғын үйдің қасбетінде Мұстафа Өзтүріктің бейнесімен мурал пайда болды», - деді Ж.Сәдуақасова.
Сондай-ақ, ауданда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының, «Қол өнер үйі» қол өнер шеберханасы және «Алма-ата» СОО кітапхананың ашылуы жоспарлануда.