• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Карантин талаптарын сақтау қажет

423 рет
көрсетілді

Жаһанды жайлаған коронавирус індеті бұл күнде қайтадан өршіп барады. Елі­мізде карантин талаптары сақталғанымен, өкінішке қарай, қауіпті індетті жұқ­­тыр­ғандардың саны азаятын емес. Дегенмен қазіргідей күрделі кезеңде мем­ле­кет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп, адамдардың қауіпсіздігіне жі­ті көңіл бөлінуде.

Соңғы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқты­ру­дың 5 жағдайы тіркелді. Бүгінде нау­қас­тарда ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр екен. Жалпы, қауіпті індет Тараз қала­­сының Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудан­­дарының тұрғындарынан анық­тал­ған. Індет жұқтырғандар – әртүрлі жастағы азаматтар. Бірақ олардың бар­лы­ғы да ауруханаға жатар алдында тек­се­рістен өткен. Жалпы алғанда, бүгін­де ­Жамбыл облысы бойынша корона­ви­рус жұқтырудың 4 225 жағдайы тіркел­ген болса, ауруханалардан 4 114 науқас емде­ліп шыққан. Дегенмен дәл қазіргі уақыт аса сақтықты қажет ететін болып тұр.

Жуырда ғана өңірде коронавирус інде­ті­мен күрес бойынша облыстық жедел штабтың кезекті отырысы өткен болатын. Аталған жиында Жамбыл облысы бо­йынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейля Муликова өткен айда өңірде коронавирус індетін жұқтырудың 60 жағдайы тіркелгенін, ол алдыңғы аймен салыстырғанда ауру­шаң­дық деңгейінің 1,4 есеге өскенін хабарлаған еді. Оның айтуын­ша, жағдайлардың көбі Тараз қаласы, Шу, Байзақ және Қордай аудан­дарында анықталған. Алайда 31 инфекция ошақтарында қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, байланыста болған 230 адам үй карантиніне оқшау­ланған.

Қазіргідей күрделі кезеңде қауіпсіздік шара­ларын сақтауды әуелі әркім өзінен баста­ғаны дұрыс. Дегенмен қоғамдағы жағ­дайдың да реттелгені маңызды. Осы орайда биылғы 10 қазан мен 6 қараша аралығында мониторингтік топтар 9 125 нысанды қамтып, 1 328 рейдтік тек­се­ріс­тер жүргізген. Нәтижесінде, каран­тиндік ре­жімнің 530 бұзылу дерегі анықталып, 17 млн 852 мың 840 теңгеге 163 хаттама толтырылған. Бұл ретте Нейля Муликова Байзақ, Шу, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының мобильді топтарының жұ­мысын жандандыру қажет екенін айтты. Яғни олардың жұмысы бүгінде әлсіз. Сондықтан да қазіргідей күрделі кезеңде мұ­ны жандандыру маңызды.

Ал облыстық Денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Әсет Қалиевтің ай­туынша, бүгінде облыста 345 мыңнан аса адам вакциналаудан өткен. Халықты қам­­ту көрсеткіші 30 пайызды құраған. Бір айта кетерлігі, жұқтыру қаупі жоға­ры топ­та­ғы адамдарға вакцина ақы­сыз егілуде. Бұл тізімге медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлер кіреді екен.

Алайда қазіргі уақытта жағдайды тү­зе­ліп кетті деуге болмайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңір­де карантиндік шаралардың жеңіл­де­тілуі қабылданғанымен, барлық шектеу шарасы алынып тасталған жоқ. Өкініш­ке қарай, талап толығымен орын­далмай отыр. Бір ғана мысал, аудан­дық мобильдік топ Қордай ауданының орта­лығы Қордай ауылында үздіксіз рейд жүргізуде. Нәтижесінде, Қордай ауы­лын­дағы «Көмбеш» тамақтану орны мен «Қанат» азық-түлік дүкенінде санитарлық талаптардың сақталмағандығы анық­тал­ған. Сонымен қатар мобильді топ Қордай ауылындағы Ә.Жұмабеков кө­ше­сі тұрғынының беташар рәсімін өткі­зіп жатқан кезінің үстінен түскен. Той ие­леріне әкімшілік құқықбұзушылық тура­лы хаттама толтырылып, құжаттары тиісті мекемеге жолданған. Осы сияқты келең­сіздіктер келешекте өзге де аудан, ауыл­дарда қайталанбауы үшін, әркім каран­тин талаптарын өзінен бастағаны дұрыс.

 

Жамбыл облысы