Алматы қаласының Наурызбай ауданында демеушілердің қолдауымен бой көтерген «Social Music Center» нысанында «Жас толқын» өнер орталығы ашылды.
Өнер орталығындағы домбыра, фортепиано, тоғызқұмалақ, шахмат, қолөнер үйірмелерінде жылына 300 баланы тәрбиелеу жоспарлануда. Орталықта әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың 5-15 жас аралығындағы балалары тегін оқитын болады. «Жас толқын» өнер орталығына Мархаба Мұстафа жетекшілік етсе, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлектері балаларды өнер аспаптарына баулитын болады.
АЛМАТЫ