• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2013

Мас полицей екі адамды мерт етті

308 рет
көрсетілді

Елдің тыныштығын қорғап, амандығы үшін атсалысады деп есептелетін полицейлердің өздері тікелей кісі өліміне себепкер болып жүр. Сондай тәртіп сақшыларының бірі Астанада бір емес, екі бірдей адамның қазасына себепкер болды.

Бір айтатыны, қаза тапқан екі адамның бірі жол сақшысы болса, екіншісі жүргізуші екен. Міне, осы екі адам мінген көлікке мас полицей отырған мәшине келіп соғылады. Нәтижесінде салондағы екі адам да жантәсілім етеді.

Қаза тапқан жол сақшысы арақ ішкен басқа жүргізушіні сараптамаға апара жатыр екен. Себебі, жол тәртібін бұзушы патрульдік көлікке мінуден бас тартқан. Сондықтан, полицей соның машинасының рөліне отыруға мәжбүр болған.

Өкінішке қарай, жолда бұлар сұмдық апатқа ұшы­рай­ды. Бұлар мінген BMW көлі­гін бағдаршаманың қызыл түсіне өтіп кеткен «Mercedes» келіп соғады. Бақылау камерасына түскен кадрларда мас полицейдің көлігі жарысып келе жатқаны анық көрінеді. Сол жүйткіген күйі ол әріптесі отырған машинаның тас-талқанын шығарған.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар