• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2010

ЖОЛДАР ТАЛАПҚА САЙ БОЛҒАНДА ҒАНА ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ

773 рет
көрсетілді

Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайыновпен әңгіме — Әбілғазы Қалиақпарұлы, Үкіметтің жол инфрақұрылымын дамытуға бағыт ұстанып отырғаны белгілі. Соған орай министрліктің 2010 жылға белгілеген жоспарлары туралы айтсаңыз. — Соңғы тоғыз жылда мемлекет автомобиль жолдары саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Осы жылдар ішінде 32 мың шақырым жол жөнделді, бұл елдегі барлық жолдардың үштен біріне тең көрсеткіш. Жалпы пайдаланымдағы авто­мобиль жолдарын дамытуға биылғы жылы 240,3 миллиард теңге бө­лін­ген, бөлінген қаржының есебінен 5 мың шақырымнан астам (“Жол кар­тасымен” қоса) жол жөндел­мекші. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар автомобиль жол­дары­ның учаскелерінде жол салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіл­мекші. Олардың қатарында Астана – Петропавл, Самара – Шымкент, Омбы – Майқапшағай, Ақтау – Бейнеу, Ташкент – Шым­кент — Тараз – Алматы – Қорғас, Ақтөбе – Мәртөк, Астана –Қостанай – Челябі, Таскескен – Бақты, Щучье – Бурабай курортты аймағына және Ақпараттық тех­нологиялар паркі еркін экономи­калық аймағы сияқты жол учас­келері бар. Жергілікті маңыздағы автожол­дарды дамытуға 2010 жылдың бюд­жетінде 37,3 миллиард теңге (оның ішінде 18,8 миллиард теңге мақ­сатты трансферттер) қарастырыл­ған. Сол арқылы 1,4 мың шақы­рымнан астам жолдар жөндеу жұмыстарымен қамтылмақшы. Сол сияқты “Жол картасы” шеңберінде де 29,1 миллиард теңге қарасты­рылып отыр. Ол қаржыға 2 мың шақырымнан астам жергілікті жолдар, қала және елді мекен көшелері жөнделетін болады. Үстіміздегі жылы “Батыс Еу­ропа-Батыс Қытай” халықаралық  транзиттік дәлізін қайта қалпына келтіру, “Жетіген-Қорғас темір жол желісінің құрылысы”, “Өзен-Түр­кіменстанның мемлекеттік шека-расы темір жол желісінің құры­лысы” жобалары жүзеге асырылуда. — Мемлекет басшысы транзиттік дәліздерді инфрақұрылымды дамы­тудағы басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған қандай жобалар бар? – Транзиттік әлеует  мемле­кет­тің өз аумағы арқылы халықаралық транзитті жүзеге асыру жөнінен қызметтер ұсына алу мүмкіндігінің ішкі және сыртқы факторлары мен жағдайла­ры­ның жиынты­ғын біл­ді­реді. Он­дай әлеуетті тиімді пайдалану мемлекет­тің қолда бар мүм­кіндіктерді толық кө­­лемде жү­зеге асыра бі­лу қабі­летімен айқындалады. Қазіргі таңда Қазақстан ТРАСЕКА, Солтүстік-Оңтүстік, Орта­лықа­зиялық дәліз, Трансазиялық темір жол магистралі сияқты негізгі ха­лықаралық көлік дәліздеріне қа­тысушы болып табы­лады, сонымен бірге трансеу­ропалық және азия­лық көлік желілеріне интеграция­лану үшін белсенді жұмыстар жүргізуде. Елдің көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі құжаты болып табылатын 2006 жылы қабылданған Көлік стратегиясына сәйкес шама­мен 30 миллиард АҚШ долларын құрайтын 80-ге жуық ірі инвести­циялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы жылдар ішінде жаңадан 1700 шақырым темір жолдар, 50 мың шақырымдай автожолдар салынады және қайта жаңғыртылады, сол сияқты, әуежай мен теңіз порттары инфрақұ­рылымдарын қайта жаңғырту мен модернизациялау, ұлттық теңіз сауда флотын дамыту жөнінен жұмыстар жүргізіледі. Қытай мен Еуропа арасында жаңа жүк тасымалы легінің пайда болуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану үшін алғышарттар қалап отыр. Осылайша, 2007 жылы Қа­зақ­стан Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту идеясын жүзеге асыруды, яғни “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық автомобиль жолы дәлізін құруды қолға алды. Бұл Қытайдан Еуропаға баратын ең қысқа жол. Бұл жобаның осындай бәсекелестік артықшылықтарының өзі оның болашағынан үлкен үміт күттіріп отыр. Жолға кететін уақыт шамамен 10 күнді ғана құрайды. Жалпы ұзақтығы 8445 шақырымды құрайтын дәліздің 2787 шақырымы (2452 км қайта жаңартуға жа­та­ды) Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Жобаның құны — 825,1 мил­лиард теңге. Қазіргі уақытта қар­жыландыру мәселелері толықтай дерлік шешілді және 3002 миллион доллардан тұратын негізгі келісім­дерге Дүниежүзілік қайта құру және даму банкімен, Еуропа қайта құру және Азия даму банкімен және Ислам қайта құру банкімен  қол қойылды. Қалған 401 миллион дол­ларға қатысты келісімдерге биылғы жылы қол қойылатын болады. Ағымдағы жылға мемлекет-жеке меншік әріптестігі шеңберінде автожол саласы бойынша жалпы ұзындығы 852,3 шақырым жолға сомасы 507,3 миллиард теңгені құрайтын 4 концессиялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алматы – Қорғас учаскесін қайта жаңарту бойынша 2009 жылы концессионер анықталған және қазіргі уақытта келісім-шартқа қол қою рәсімдері жүргізілуде. Со­нымен қатар, бүгінгі таңда Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай және Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы учаскелерін қай­та жаңарту бойынша концес­сио­нерлерді таңдау жөнінен конкурсты жариялау рәсімдері жүргізілуде. Сол сияқты республиканың транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін техникалық жағдайларын қазіргі заманғы көліктік салмақтарға  (бір білікке 13 тонна) сәйкестендіре отырып және кем дегенде ІІ тех­никалық санатқа көшіру арқылы алты негізгі халықаралық транзит­тік дәліздерді және республикалық маңыздағы автожолдарды қайта жаңарту жоспарланып отыр. Қазіргі кезде осы жолдардың бәрінде де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол саласында “Қорғас – Жетіген” жобасы бойынша  Қы­таймен арадағы шекаралық пунктте екінші темір жол өтпесі ашылатын болады. Бұл желі Қытайдан Орта­лық Азияға, Иран, Батыс Еуропа және Закавказье елдеріне неғұрлым қысқа жолмен жүктер тасымал­дауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қытаймен шығыс жақ шекарада Достық стансасы мен Ақтоғай-Дос­тық темір жол учаскесінің өт­кізу мүмкіндіктерін ұлғайту жөнінен шаралар жүзеге асырылуда. Осын­дай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Достық стансасы арқылы жүк тасымалдау көлемі 15,5 млн. тоннаға жетті. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған “Өзен – Түркімен­станмен шекара” жаңа темір жолы да Еуропа мен Оңтүстік Азия ел­дерін жалғастыратын жаңа транзит­тік дәліз болып табылады. Бұл жоба Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекеттері қол қойған келісімнің негізінде іске асырылуда. Мұнан басқа 2011 жылы “Ералиев – Құрық” жаңа темір жолының құрылысы да басталатын болады. Құрылыстың басталу мерзімі Құрық теңіз портын дамыту шараларына сәйкестендіріліп отыр. Онан кейінгі кезекте ұзындығы 988 шақырымдық Бейнеу – Жезқазған темір жол желісі жобасын жүзеге асыру да жоспарда тұр. —Қазақстан көптеген жұмыс істеп тұрған және жоспардағы әуе, автомобиль және темір жолдардың халықаралық бағыттарына кіреді. Дегенмен, осы жүк тасымалының өнімдері Қазақстанға тікелей кел­мей, тек ортақтастық жолымен, яғ­ни делдалдар арқылы ғана рынокқа түсіп жатады. Осындай күрделі схеманың орын алуына не себеп? —Аталған проблеманы шешу үшін бірқатар негізгі бағыттарды бөліп көрсету қажет. Олардың бірін­шісі, кездесетін түрлі кедер­гілерді жою жөніндегі жұмыстарды жеделдету. Мәселен, Қазақстан ар­қылы өтетін транзиттік жүк тасы­малы жолындағы нақты және жасырын кедергілерді жою үшін магистралдық желілер мен Қа­зақстан Республикасы шекара­сындағы өту пункттеріне олардың халықаралық нормалар мен талаптарға қаншалықты жауап беретінін анықтау мақсатында техникалық сараптаулар жүргізу қажет. Сол арқылы ғана қанша­лықты жаңа технологиялар енгі-зіп, модернизациялау мен оларды қалыпты жағдайда ұстау қажет­тіліктерін анықтауға болады.  Екін­шіден, транзиттік қозғалыс­тың бүкіл бойында сервистік кә­сіпорындар орналастырып, олар­дың халықаралық талаптар мен ере­желерге сай қыз­меттер ұсына алуын қамта­ма­сыз ететіндей жол бойы инфра­құры­лымдарын жеделдете дамыту қажет. Үшінші, автожол саласын инвестициялау жүйесін жетіл­діру. Төртінші, көлік инфрақұ­рылымын дамытуға қатысты фискальдық саясатты жетілдіру. Ең соңғысы, Қазақстан үміт ете алатындай жүк тасқын­дарына тұрақты түрде зерттеулер жүргізіп отыру. Бұл міндеттердің қай-қайсысы да үлкен жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Жалпы 2015 жылға дейін республикалық маңыз­дағы автомобиль жолда-рының 85 пайызының техникалық жағдайларын жақсарту жоспар­ланып отыр. — Қазақстандық тұтынушылар үшін елдің геосаяси жағдайынан түсетін тікелей тиімділікті қашан күтуге болады? —Біздің республикамыз Ор­талық Азияның дәл ортасында орналасқандықтан оның аумағы арқылы жүздеген жылдар бойы сауда жолдары өтіп, түрлі өрке­ниеттер өзара қарым-қатынастар орнатып отырған. Сондықтан Қазақстан арқылы жүзеге асатын транзит ішкі және сыртқы сауда­ның дамуы, тауарлар мен қызмет­тердің өзіндік құнының төмендеуі, агроөнеркәсіп, мәшине жасау, кен өндіру секторының алға басуы, сондай-ақ дамудың басқа да аспектілері арқылы көрініс та­батын аса зор мультип­ликативтік тиімділік әкеледі. Қазақстан Ресейдің, Қытайдың, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қарқынды дамып келе жатқан экономикаларымен жап­сарлас жатыр. Әсіресе Қытай экономикасының ырғақты дамуы осы елдің ТМД мен Еуропа ел­дерінде өткізу  үшін өнім шыға­рып жатқан өнеркәсіпті өңір­лерінен Қазақстанның Шығыс—Батыс бағыты бойынша  транзит­тік-көліктік әлеуетін жүзеге асы­руына қолайлы жағдай туғызатын болады.  2020 жылға қарай біз транзитті үш есе ұлғайтуды көздеп отырмыз, ал ол ел тұтынушылары Қазақстанның геосаяси жағ­дайының тиімділігін сезіне бастайтын болады деген сөз. —Қазіргі таңда Қазақстанның жолдары халықаралық талаптарға қаншалықты сәйкес келеді? —Өткен ғасырдың 80-90-ыншы жылдары салынған авто­жолдар білікке 8 тоннадан аспай­тындай салмаққа есептеліп, ІІІ және ІV техникалық категория­ларға есептелініп салынған. Бұл техникалық өлшемдер қазіргі за­манғы халықаралық стандарттарға жауап бере алмайды. Қозғалыс қарқындылығының жылдан-жыл­ға артып жатқанына бай­ла­нысты жоғарыда аталған параметрлерді біртіндеп ұлғайта түсудеміз. Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту білікке 13 тоннадан кем емес салмаққа есептеліп, ІІ техникалық катего­риядан төмен болмайтындай жағдайда жүзеге асырылуда. Мәселен, 2009 жылы пайдалануға берілген 224 шақырымды құрай­тын Астана – Щучье автобаны халықаралық стандарттар талап­тарына толық сәйкес келеді. 2015 жылға дейін халықаралық стандарттар талаптарына сәй­кестендіре отырып  “Батыс Еу­ропа-Батыс Қытай”  транзиттік дә­лізін, негізгі халықаралық дәліз-дерді, сол сияқты жүк тасымалы қарқынды жүзеге асырылатын республикалық маңыздағы жол­дарды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. —Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.