Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 12 қазанда сағат 10:00 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Атырау қаласының "Авангард" шағынауданындағы аялдамада "Ankai" маркалы маршруттық автобус 1959 жылы туған азаматтың аяғын басып кеткен. Автобустың 50 жастағы жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері жарақат алған азаматты облыстық ауруханаға жеткізді", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.