• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Қараша, 2020

Қазақстан Елшісі Польша Сенатының Төрағасымен кездесті

136 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Әлім Қирабаевтың Польша Сенатының Төрағасы Томаш Гродзкимен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Елші сұхбаттасушының назарына Қазақстанда жүргізілген қоғамдық-саяси реформалардың басымдықтары, сондай-ақ 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауына қатысты дайындықтар туралы ақпарат ұсынды.

Отандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, оның сөйлеген сөзінің поляк тіліне аударылған мәтіні бар кітапшасын тапсырды. 

Польша Сенатының Төрағасы Қазақстан Президенті бастаған реформалар процесін толық қолдайтындығын білдірді.

Кездесу соңында тараптар жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған байланыстарды, соның ішінде  екі ел арасындағы парламентаралық диалогты жалғастыруға уағдаласты.