11 қараша күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне ұрлық жөнінде хабарлама түседі. Арызданған азаматша қоғамдық көлікте 60 мың теңге ақшасы және құжаттары салынған әмиянның жоғалғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция қызметкерлері жәбірленушіге профилактикалық есепте тұратындардың суретін көрсетіп, арызданушы олардың ішінен ұрлық жасаған күдіктіні танып, нақты көрсетеді.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында бірнеше сағаттан кейін қалта ұрысы ұсталды. Тексеру барысында бұрын сотты болған қала тұрғыны ұрлаған әмиян ішіндегі ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазір полицейлер оның басқа да ұрлықтарға қатыстылығын тексеруде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп - тексеру басталды. Күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.