Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам интернет-алаяқтық орын алып, тұрғындар ақшаларынан қағылды. Осындай жағдайды тоқтату үшін СҚО полицейлері қала бойынша үш сағаттық акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы сағаттарда 132 полиция қызметкері қала көшелерін, дүкендерді, сауда үйлерін, дәріханаларды аралап, 67 маршрут бойынша тұрғындарды интернет алаяқтықтан қалай сақтануға болатыны туралы әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратты.