• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2013

Ауғандық жауынгерлер ескерткіші

611 рет
көрсетілді

Алға қаласындағы орталық саябақта ауған соғысына қаты­су­шы жауынгерлерге еңселі ескерткіш ашылды. Бұл туралы осыдан бес жыл бұрын бастама көтерілсе, екі жыл бұрын болашақ ескерткіш орнатылатын жерге тұғыртасы құйылып қойылды.

Былтырдан бастап ауданның білім беру және денсаулық сақтау салаларының және басқа мекемелері ескерт­кішті ашу қорына бір күндік еңбекақыларын аударды. Со­ның өзінде қаржы тапшы болды. Алайда, «Стройсервис» ЖШС қолда бар қаражатпен көріктендіру және ескерткішті тұрғызу жұмыстарын жүргізуге келісті. Мүсінші Аяпберген Қарпековтің жобасы таңдап алынып, жұмыс қарқынды жүргізілді. Ескерткішті орна­ту жұмыстарына алғалық ауған соғысының арда­гер­­лері де ұйым­шылдықпен атсалысты. «Алға аудандық ауған соғы­сы ардагерлері» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Кенжебай Көшер­баевтың айтуынша, қазір аудан­да 54 ауған соғысына қаты­сушы тұрады.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Асқар Шериязданов бұл өте маңызды іс болғанын атап өтті. Ескерткіш ерлікке тағзымның азаматтық үлгісі екенін жеткізді. Ауған соғысына қатысушы жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде бағалады. Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһараманы Бақытжан Ертаев­тың осы шараға арнайы келуінің өзі оның маңызын арттыра түсті. Ол жиналғандар алдында ауған соғысына қатысушы жауынгерлердің ерлігі, ұлттық патриотизм, отансүйгіштік, азаматтық парыз туралы ойларын айта келіп, ауған соғысы жауынгерлеріне қойылған мұндай ескерткіштің әзірге аудан орталықтарында кез­дес­пейтінін жеткізді. Бұл интер­националдық борышын өтеу жолында қаза тапқандардың ерлігін есте сақтаудың, сондай-ақ, арамыздағы ауған соғысы ардагерлеріне құрметтің үлгісі екенін атап өтті.

 

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар