• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2020

Баспа, полиграфия және web-технологиялар жүйесіне арналған конференция өтті

482 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен "Баспа, полиграфия және web-технологиялар жүйесін оқыту-зерттеу мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұстаз, библиограф-ғалым, баспагер, редактор, филология ғылымдарыныңткандидаты, доцент Қоңыр Мұқатайқызы Мұқатаеваның 70 жасқа толуына орай өткен шара аясында фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылып, халықаралық конференция онлайн режімде өтті.

Университеттің баспасз қызметінің мәліметінше, Қоңыр Мұқатайқызы Мұқатаева – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, ұстаз, библиограф-ғалым, баспагер, редактор, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 

Қоңыр Мұқатайқызы - 1950 жылы 8 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінде дүниеге келген. 1968 жылы Ақжал орта мектебін бітіргеннен кейін, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1974 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шыққан.  Еңбек жолын 1975 жылы Мемлекеттік кітап палатасында библиографтан бастап, редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1998 жылғы қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 

Қоңыр Мұқатаева көп жылдан бері еліміздің мемлекеттік баспа ісінің дамуына, ұлттық библиография саласының өркендеуіне, мемлекеттік ақпарат саясатының жүзеге асуына елеулі үлес қосып келеді.