• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2020

Қазақстанда Volkswagen автобрендінің туы жаңа биікке көтерілді

345 рет
көрсетілді

Orbis Kazakhstan компаниялар тобының автомобильдік бөлімшесі Orbis Auto компаниясы Алматыда Volkswagen жаңа дилерлік орталығы құрылысының басталғаны туралы хабарлады.

Автоорталықтың ашылуы 2021 жылдың шілдесіне белгіленген, ол қазақстандық автоәуесқойлар арасында бай тарихы бар, неміс сапасына деген сенімділік мен қолайлы бағаның үйлесімін бейнелейтін брендті танымал ету жолында маңызды рөл атқарады. Десек те, бүгіннің өзінде Қазақстандағы тұтынушыларға Volkswagen ресми дилері ұсынатын қызметтер мен сервистердің толық спектрі қол жетімді, олардың ішінде жеңіл және коммерциялық модельдердің кеңейтілген желісінен автомобильдерді таңдау, трейд-ин және автонесиелеу бар.

VW корпоративтік стандарттарына қатаң сәйкестікте салынған жаңа дилерлік орталықтың жалпы ауданы 3537 ш.м. құрайды, оның ішінде шоу-румның ауданы – 900 ш.м. Ауданы 996 ш.м. алаңда Volkswagen Group штаб-пәтерімен мақұлданған VW автомобильдерінің соңғы диагностикалық сканерімен, мамандандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған 15 бекетке есептелген сервистік цех орналасады. Жобаға авторлық Zebra Project дизайн-студиясына тиесілі. Бұл компания VW авторландырылған жеткізушісі және ТМД елдеріндегі жаңа дилерлік орталықтардың барлық жобаларының әзірлеушісі болып табылады. Тиісінше, болашақ Алматыдағы орталықтың бейнесінде брендтің заманауи автосалондарының «таныс сипаттары» байқалады – жаңа логотип, жаңа жиһаз, шоу-румдағы жиһаз бен жабдықты орналастырудың жаңа тұжырымдамасы, Volkswagen фирмалық аксессуарларын сатуға арнайы бөлінген орындар. Алматыдағы дилерлік орталықтың құрылысын Orbis Kazakhstan КТ құрамына кіретін Orbis Construction компаниясы жүргізеді. 900 ш.м. шоу-румға бір уақытта 13 жеңіл және үш коммерциялық автокөлік сыяды.

Сервис орталығының клиенттері жөндеуге немесе техникалық қызмет көрсетуге алдын-ала жазылып қана қоймай, сонымен қатар сервиске интерактивті қабылдау қызметін, жеке менеджердің көмегін ала алады. Көлік иесі онлайн режимінде жұмыс статусын және автомобиль жағдайы туралы ақпаратты бақылау мүмкіндігіне ие болады. Автосалонның «өзіндік ерекшелігі» Orbis КТ автоорталықтарындағы алғашқы автоматты жуу орны болмақ, ал оның қызметтерін кез келген клиент оның автомобилі қаншалықты күрделі жөндеуді талап еткеніне қарамастан ала алады.

Volkswagen-нің үш дилерлік орталығы 2019 жылдың қыркүйегінде Orbis Auto портфеліне кіріп, VW автоорталықтарының санын төртке дейін арттырды. Осы уақыт ішінде еліміздің автомобиль ритейлі көшбасшылары бірінің кәсіби командасы брендтің қазақстандық нарықтағы позициясын айтарлықтай күшейте алды. Қазіргі уақытта жеңіл автомобильдер сегментінде Orbis Auto үлесіне Volkswagen бренді бойынша сатудың 72%-ы, коммерциялық техника сегментінде – 63%-ы тиесілі. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында VW жеңіл автокөліктерінің сатылымы 1198 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 184 автомобильге артық. Осы кезең аралығында коммерциялық техниканы сату 51 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.

Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақованың айтуынша, компания Volkswagen-нің Қазақстандағы позициясын нығайту үшін алдағы уақытта да қолдан келгеннің бәрін жасауға ниетті. «Біз брендтің күшіне сенеміз және Volkswagen автомобильдерінің сенімділік пен жоғары сапаның белгісі ретінде ондаған жылдар ішінде қалыптасқан беделі қазақстандық нарықта ілгерілеуде оң қызмет атқаратынына сенімдіміз. Біз өз тарапымыздан дилерлік желіні дамытуға инвестиция салуға, брендтің автоорталықтарындағы қызметтердің сапасын арттыруға, клиенттік сервисті жақсарту үшін еңбек етуге дайынбыз», - деді Динара Ысқақова.

Компания Volkswagen дилерлік орталықтарының барлық қызметтерінің жұмысын үнемі жетілдіріп отырады және атқарылған жұмыстың нәтижелері Алматыдағы орталықтың бизнес-моделіне енгізілетін болады. Осылайша, бөлімдердің құрылымы брендтің корпоративтік саясатына сәйкес құрылған, қызметкерлерді оқыту үнемі жүргізіледі, компания сату, сервис және маркетинг мәселелері бойынша Volkswagen өңірлік менеджерлерімен тығыз ынтымақтасады. Volkswagen дилерлік орталығында қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде сапаны бақылау мен сервисті бағалауды енгізу жоспарлануда. Қорытынды баға көбінесе клиенттің қызмет көрсету сапасына қанағаттанатындығына және қызметтерді достарына ұсынатындығына байланысты болмақ.

Жаңа дилерлік орталықтың барлық қызметкерлері кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін сертификаттарға ие болады. Бүгінгі таңда сату бөлімі қызметкерлерінің 62% сертификатталған, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 80%-ға дейін өседі. Сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың мамыр-маусымына дейін оқуын аяқтап, сертификаттар алады.

Volkswagen-дің Қазақстан нарығында қатысуын күшейту Алматыдағы дилерлік орталықтың құрылысымен шектелмейді. Orbis Auto сату желісін кеңейтуге $10 млн жеке қаражатын салды: $4 млн Алматы мен Нұр-Сұлтанда дилерлік орталықтардың құрылысына инвестицияланды, тағы $1 млн брендтің стандарттарына сәйкес компанияның Орал мен Атыраудағы өңірлік дилерлік орталықтарын толық қайта құруға жұмсалынды. Қосымша екі сату нүктесі, Алматы мен Нұр-Сұлтанда pop-up store форматындағы орталықтар салынды.

2021 жылға қарай, Volkswagen дилерлері автомобиль брендінің соңғы бес жылдағы ең кең модельдік қатарын, соның ішінде соңғы жаңалықтарды ұсынады. Өз таңдауын «халық автокөлігіне» жасаған қазақстандық автоәуесқойлар бұрынғы жылдары шығарылған модельдермен қатар, енді New Polo, New Jetta, New Passat сатып ала алады. Коммерциялық техника сегментінде толық жаңартылған Т6.1 желісі бар, сонымен қатар Crafter моделі Қазақстанда ресми түрде қол жетімді. Автокөлік сатып алуды жоспарлағандар үшін дилер дистрибьютормен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, бірегей қаржы өнімдерін әзірлейді және енгізеді. Volkswagen автосалондарында алғаш рет жаңа автокөлікке айырбастау кезінде пайданы қолдайтын Trade-In бағдарламасы ұсынылды.

2020 жылдың соңына дейін, Orbis Auto Volkswagen брендімен жеңіл автомобильдер сегментіндегі өз үлесін 75%-ға дейін көтеріп, 1600 автокөлікті сату нәтижесімен, ал коммерциялық техника сегментінде – 70%-ға дейін ұлғайтып, 80 автомобильді сату көрсеткішімен жылды аяқтауды жоспарлап отыр. 2021 жылдың шілдесіне Алматы мен Нұр-Сұлтанда дилерлік орталықтардың құрылысын аяқтау және ашу белгіленген. Қазақстан нарығы VW-нің жаңалықтарынсыз қалмайды: осы жылдың соңында – келесі жылдың басында дилерлік орталықтарға New Tiguan, ал 2021 жылдың екінші жартысында – New-Terramont түседі. Коммерциялық техника желісі жаңарған Transporter, Caravelle және Multivan толықтырылады.