• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2020

Қостанайда әйелді жол бойында пышақтап кетті

376 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында ер адам жол бойында әйелге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 14 қараша күні сағат 14:30-да Гагарин көшесінде 38 жастағы әйелге жасалған шабуыл дерегі бойынша "Кісі өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта күдікті Қостанай қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған, қазір әйел ауруханаға жеткізілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", деді полиция өкілі.