• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2013

Бұл – мәдениет пен өнерге қамқорлықтың көрінісі

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына белгілі хореограф және балетмейстер Борис Эйфманнан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына белгілі хореограф және балетмейстер Борис Эйфманнан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Хат иесі бұдан екі жыл бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын ал­ғанда өзінің Қазақстанда балет өнерін дамыту үшін барлық күш-жігерін салатынына уәде еткенін атап өткен.

«Алматының опера және балет театрының тамаша ұжымымен мен «Қызыл Жизель» және «Анна Каренинаны» қойдым. Сіз өзі­ңіз премьераларға қатысып, бұл жұмыстарға өте жоғары баға бергеніңізді ешқашан ұмыт­паймын», делінген хатта.

Б.Эйфман басқа елдерде сим­фониялық оркестрлер мен театр­лар жабылып жатқан уақытта Қазақстанда «Астана Опера» теа­тры салынғанын ерекше атап өтеді. Хореографтың пікірінше, бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың мә­дениет пен өнерге ерекше көңіл бөлетіндігінің нәтижесі.      

«Мұнда тек архитектуралық ізденістер ғана емес, өте жақсы техникалық жарақтандыру бар, күрделі қойылымдар үшін барлық жағдай жасалған, дайындық жүр­гізетін залдар көп, бірақ ең бас­тысы – сіздерде талантты, шы­ғар­ма­шылық әлеуеті зор, талабы биік жас труппа бар», – деп жазады автор.

Балетмейстер жаңа театр сах­насында «Роден» балетінің қо­йыл­ғаны, оның астаналықтар мен елорда қонақтары алдында табысқа ие болғаны туралы да айтқан.

Автор хатының соңында Мемлекет басшысына өнер мен мә­дениетті дамытуға қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, бү­гінде әлемге жол ашқан бірегей қа­зақ мәдениеті жүректерді жақын­дастыра түсетініне тоқталған.

«Өнер мен мәдениет үшін, түптеп келгенде, өз еліңіз бен халқыңыздың болашағы үшін жасаған барлық қамқорлығыңыз үшін Сізге зор алғысымды айтамын», делінген хатта.

Соңғы жаңалықтар