• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 16 Қараша, 2020

Әлем кубогында үздік төрттікке енді

152 рет
көрсетілді

Бұл күндері Перудің бас шаһары – Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогы өтіп жатыр.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың үшінші күнінде 73 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Мей­рамбек Әбдіхалық қатысып, турнир нәти­жесінде төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржы­нында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде 55 килода бақ сынаған Абылай Әуел­ханов қоссайыс нәтижесінде 237 (102+135) килоны еңсеріп, әлемдік жарыс­та топ жарды.