• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қараша, 2020

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды

69 рет
көрсетілді

Ресейде соңғы тәулікте 352 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штабытың мәліметі бойынша, Мәскеуде 75, Санкт-Петербургте 41, Ростов облысында 14 өлім тіркелген. Пандемия басталғалы бері аталған елде 33 186 адам коронавирустан көз жұмды.

Кеше Ресейдің 85 аймағында 22 572 адамнан коронавирус анықталды. Оның басым бөлігі Мәскеуде тіркелген. Онда 4 266 адам індет жұқтырған.

Айта кетейік, Ресейде пандемия басталғалы 1 925 825 адам коронавирус жұқтырды.