Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ХІІ Азаматтық форумының жұмысын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Онлайн-сессия барысында экология мен цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спорт мәселелері талқыланады.⠀Бастамаларды талқылап, мегаполисті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді коммуникациялық алаңдардың бірі ретінде іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылады. Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, одағы жаңалықтарды біліп отырады.
Жаңа интерактивті құрал азаматтық қоғамның басқару және шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтеді.