• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қараша, 2020

Есік көлінен 50 турист эвакуацияланды

377 рет
көрсетілді

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Есік көлінен 50 туристі эвакуациялады. Демалушылар мінген автобус көктайғақ салдарынан жол жиегіне шығып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қарашада жолаушылар автобусының бірі Есік көліне баратын жолда көктайғақ салдарынан тұрып қалды.

Ол басқа көліктер мен автобустардың қозғалысына кедергі келтірген. Жедел қабылданған шара барысында 50 шетелдік және жергілікті турист есік орман шаруашылығы экологиялық бекетіне жаяу түсті.

Құтқарушылар оларды үш топқа бөліп, әр топқа бір-бір офицерден бекітіліп, барлығы аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. Экопостан туристерді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі дайындаған автобустар күтіп тұрды. Олар Есік қаласының автовокзалына жеткізді.