• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

Көшелердегі қоғамдық тәртіпті күн сайын 379 адам күзетеді

219 рет
көрсетілді

Петропавлда қоғамдық тәртіпті күзетуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 113 бағыт бойынша күн сайын 379 полицей мен әскери қызметші шығады. Тәртіп сақшылары таңғы сағат 8-ден түнгі 23-ке дейін екі ауысымда қызмет атқарады. Ал патрульдік полиция батальонының автопатрульдері қала көшелерінде тәулік бойы кезекшілік етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін "Динамо" стадионында Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің кезекті гарнизондық таратуы болып өтті. Барлық санитарлық нормаларды сақтап, кешкі патрульге шығатын полицейлер мен әскери қызметшілер сапқа тұрды. Оларға бағдарлар оқылып, бұйрықтар мен тапсырмалар берілді.

Мұнда әдеттегідей жағымды сәттер де орын алды, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Петропавл қаласы. Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатовқа және СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысовқа "полиция подполковнигі" кезекті арнайы атақтары берілгендігі жария етілді.

Сондай-ақ "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" 2 дәрежелі медалімен Петропавл қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Серік Әубәкіров, Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі полиция капитаны Ерік Құсайынов марапатталса, дәл осындай үшінші дәрежелі медальмен полиция майоры Юрий Клыков марапатталды.

Саптық байқау барысында СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин қызметкерлердің нысанды киімдерін, амуниция мен патрульге түсетін қызметкерлердің жарғыдан білімдерін тексерді. Сондай-ақ, қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының қызметтік автокөліктері жағдайы тексерілді.

Солтүстік Қазақстан облысы