• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2020

Бір миллион теңгенің затын қолды қылған

280 рет
көрсетілді

СҚО полицейлері үйдің терезесін бұзып түсіп, бір млн теңгенің затын жымқырған ұрлықты ашты. Оқиға қарашаның 6-сы күні Ғ.Мүсірепов ауданында болған. Үй иесінің жоқ екенін пайдаланған ұры пластикалық терезені майыстырып, ішке еніп, алтын бұйымдары мен құндыз тонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 1 млн теңгеден асады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, күдіктіні анықтауға септігін тигізді. Ол бұрын сотты болған 1990 жылғы аудан тұрғыны болып шықты. Алдында ол үй иесінің жөндеу жұмыстарына жалдаған жұмысшыларының бірі болған екен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабымен іс қозғалып, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұрлаған заттарды иесіне қайтарды, оған келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды. «Бейнебақылау камералары — бөтеннің мүлкін ұрлауды ескертудегі және ашудағы тиімді құрал», - дейді Ғ. Мүсірепов ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Асхат Ахметбеков.

Солтүстік Қазақстан облысы