• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 18 Қараша, 2020

Алғыс алған «Асыл дария»

484 рет
көрсетілді

Мұнайлы қаладағы өнерпаз әжелер қала мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосумен қа­­тар, жас ұрпаққа ұлттық өнер­ді насихаттап та келеді. 2007 жылы құрылған «Алтын дария» халықтық әжелер ансамблі тұ­рақты түрде үлгілі жұмыс жа­сап, 2017 жылы «Халықтық ансамбль» атағына ие болды.

Әнші әжелердің ел мәдениетін дамытудағы еңбегі еленіп, жуырда ансамбль республикалық  «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі тарапынан ардагерлер ұжымы жұмысына сіңірген еңбегі мен еліміздің мәдени дамуына бел­сенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

– «Мұнайшы» өнер орда­сы өнерпаздарының жетістіктері­мен жоғары белеске қол жеткі­зіп келеді. Тұрғындар ықыласы­­на бөленген, ұлттық өнердің на­­сихаттаушысы әрі жанашыры «Алтын дария» халықтық ұжы­­мының республикалық «Ар­­да­гер­лер ұйымының» ал­ғыс ха­ты­мен марапатталуы зор жа­ңа­­лық болды. Аналардың ең­бек­­тері елдік дәрежеде еленіп, хал­­­қы­мыздың алғысын алып отыр, – дей­ді Жаңаөзен қалалық мə­де­­ниет жəне тілдерді  дамыту бө­лімі­нің бас­­шысы Ұлбазар Орынбаева.

Жаңаөзен қаласының мәде­ниеті – тамыры тереңдеп, жа­пы­рағы жайқалған сала. Мұнайлы қаладағы өнер ошақтары биік бе­лестерді бағындырып жүр. Қа­зіргі уақытта «Мұнайшы» мә­­дениет үйінде 26 ұжым, 11 ха­лықтық ұжым және 36 үйір­ме тұ­­рақты түрде жұмыс атқара­ды. «Асыл дария» әжелер ансамблі – солардың бірі.

– Алғаш мәдениет саласы­на қадам басып өнер ортасына түскеннен бастап түрлі таланттардың бар екендігін кө­р­дім. Кез келген өнер иесі үшін халықтың ыстық ықы­ласынан артық марапат жоқ. Халқымыздың дәстүрлі ән-күй өнерінің дәріптелуі үшін бұл ансамбльдің маңызы зор. Осы ұжымда жүріп, өлкеміз­дің кез келген ауқымды мәде­ни іс-шараларында өнер көр­се­тіп жүргеніме ризамын. Әріп­тестерімнің ортасында шы­на­йы өнер иесіне деген құр­мет­ті иеленіп, елімнің сүйіспен­шілі­гіне бөлену – үлкен бақыт, – деді ұжым жетекшісі Махбуза Шоманова.

Шығармашылықтың шам­шы­ра­ғын жар­қыратып, сол ар­қылы дәстүр сабақтастығын жал­­­­ғауды мақсат еткен әжелер қан­дай құрметке де ­лайық.

 

Маңғыстау облысы