• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қараша, 2020

Ауыр атлетикадан әлем кубогі: Қазақстан қоржынына алтын түсті

670 рет
көрсетілді

Рахат Бекболат Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогінде Жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

Кезекті жарыс күнінде ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Нәтижесінде қоссайыс бойынша (140+179) келіні бағындырды.  Айта кетерлігі, аталған жарысты Перудің ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырып жатыр. Қазақстандық спортшылар қоржынынында бір алтын, бір қола жүлде бар.

Абылай Әуелханов алғашқы алтынды алған болса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ, Азамат Төлеген мен Мейрамбек Әбдіхалық төртінші орыннан көрінген.