Алматы қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков жыл соңына дейін 10 туристік бағыт абаттандырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм басқармасының хабарлауынша, таулы жерлерде туристік бағдарлау сапасын арттыру мақсатында тау бағыттарын абаттандыру мен цифрландыруға ерекше көңіл бөлінбек.
"Соңғы 3 жылда қалада 26 тау маршруты абаттандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 157 км болатын үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында тағы 10 маршрутты абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, соңғы екі жылда 1000-нан астам тау жолдары цифрландырылды", деді М.Айнабеков.