• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қараша, 2020

Түркияда коменданттық сағат жарияланды

215 рет
көрсетілді

Түркияда коронавирустың өршуіне байланысты коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ережеге сәйкес, елде  таңғы оннан кешкі сағат сегізге дейін үйден шығуға рұқсат. 65 жастан үлкен және 20 жастан кішілерге тысқа шығуына шектеу қойылды.

Қоғамдық орындар, сауда орталықтары, дүкендер, шаштараз бен сұлулық мекендері тек таңғы 10-нан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Мейрамхана мен дәмханалар тек тамақты өзімен алып кету қызметі бойынша ғана жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқушылар мен студенттер жыл соңына дейін қашықтан оқытуға қайта көшті. Спорттық жарыстар жанкүйерсіз өтіп, спорттық кешендердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Кинотеатрлар да жаңа жылға дейін ашылмайтын болды.

Ал қауіпті індеттің ең көп тараған жері Ыстамбұлда мұражайлар мен өнер орталықтары белгісіз мерзімге дейін жұмысын тоқтатты. Ресми деректерге сәйкес, соңғы тәулікте Түркияда 3316 коронавирус дерегі тіркелген.