Адам жаны үшін күндіз-түні көз ілмей, табаннан таусылып, еңбек етіп жүрген жармалық дәрігерлердің бірқатары жаңа баспанаға ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Нұрлы жер" бағдарламасының аясындағы тұрғын үйлер Жарма ауданындағы орталық емхананың жанынан бой көтерген. Мердігер компанияның қызметкерлері төрт тұрғын үйдің құрылысы желтоқсанның ортасына қарай аяқталатынын айтады.
Ал аудан басшылығының айтуынша, қолданысқа енетін сегіз пәтердің, бесеуі дәрігерлерге беріледі. Енді бір пәтер санитарлық қадағалау саласына, ал қалған екеуі жас медицина қызметкерлеріне арналған жатақханаға ретінде пайдаланылмақ.
Шығыс Қазақстан облысы