• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2020

Маңғыстау "Қазпочтасы" "Жазылушылар күнін" өткізді

209 рет
көрсетілді

2021 жылға газет-журналға  жазылу  компаниясының басталуымен және Жазылушылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға өңірдегі бірқатар басылымдардың басшылары, сондай-ақ газет-журналға тұрақты жазылатын оқырмандар, "Қазпочта" АҚ-на демеушілік көрсететін мекемелер өкілдері, пошта ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазпочта" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Д.Утебалиева құттықтап, биылғы жазылым жұмысына сәттілік тіледі.

"Ойларыңызда жүрген мәселелермен бөлісіп, пікір алысуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Газет – өмір айнасы. Облысымыздың, қаламыздың күнделікті өмірі осы газет беттерінде жарияланып, халыққа тарайды. Қазір  интернет дамыған заман болса да, газет-журналдың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. Сондықтан, газет-журналға жазылыңыздар және жазылуды жарнамалаңыздар", деген шараны ұйымдастырушылар шара барысында мейірімділік акциясын өткізді.

Залға орнатылған "Мейірім ағашына" әр жүрекшеге "Балалар үйінің" тәрбиеленушісінің аты-жөні, жас мөлшері жазылып ілініп, шараға қатысушылар сол балаларды газет-журналға жаздырды.

Кездесуде "Қазпочта" АҚ Маңғыстау облыстық филиалына еңбегі сіңген ардагер Қ.Битанова, жыл сайын газет-журналды үзбей алып оқитын оқырмандар - Ә.Қонарбаев, Қ.Сдықов, Н.Фрумина, Н.Реутов, Т.Бекқалиұлы, Ж. Мырзақұлов қатысып, құттықтауларын жеткізді.

Ән-мен жыр ақтарылған шарада ардагерлер мен қонақтарға аранйы сый-сияпат беріліп, 2020 жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, басқаларға үлгі болып жүрген Р. Абдурахманова, Р.Бекешова, Ә.Айжазықова, Р.Ербулекова, Р.Өмірбаева пошта қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ биыл баспасөзге жазылу кампаниясы 5 қазанда басталысымен, Маңғыстау облысында ең бірінші болып,  "Заң және заман" журналына жазылған Маңғыстау облысы ҚАЖД басшысының орынбасары, заң ғылымдарының магистрі, әділет подполковнигі Жарылғапов Қанат Шамарданұлы және Михайлоа Зинаида алыс хатпен марапатталды.

Шарада мерекеге орай, қызықты газет-журналдар, филателистік  өнімдер- коллекциялық маркалар  саттыққа шығарылып, лотерея ойындары ойнатылып, "Қазпочта" АҚ ұсынатын жаңа қызмет түрлері таныстырылды.

Маңғыстау облысы