• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2020

Алматы әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай БАҚ арасында байқау жариялады

138 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мегаполистің дамуы тақырыбында ең үздік ақпараттық өнім байқауын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауда 2020 жылдың басынан бастап шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі барлық материалдар қаралатын болады. Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша екі тілдік санатта бөлек анықталады:

- «Үздік сюжет»;

- «Үздік сұхбат»;

- «Үздік деректі материал»;

- «Үздік визуалды өнім»;

- «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;

- «Үздік аналитикалық мақала»;

- «Үздік фоторепортаж»;

- «Үздік жаңалықтар материалы»;

- «Үздік бейнематериал»;

- Арнайы номинация – «Қаланың COVID-19-ға қарсы күресі туралы үздік материал».

Конкурсқа журналистердің немесе блогерлердің өздері ұсынған немесе Қазақстанда тіркелген БАҚ редакциясы жіберген материалдар қабылданады.

Конкурстық жұмыстарды журналистика және медиа саласының сарапшыларынан құралған тәуелсіз комиссия бағалайды.  Байқау жеңімпаздары әр санат бойынша бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен  марапатталады.

Жұмыс конкурсына қатысу үшін өтінімді (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, материалдың электрондық нұсқасы және материалға сілтеме, аталым, байланыс деректері) биылғы жылдың 27 қарашасына дейінгі мерзімде Өңірлік коммуникациялар қызметінің info@rsk.almaty.kz электрондық мекенжайына «конкурсқа қатысу үшін» белгісімен жіберу қажет. Сараптамалық комиссияның құрамына кіруге ниет білдіргендер де(комиссия мүшесі конкурсқа қатысу үшін өз жұмыстарын жібере алмайды) «конкурстық комиссия үшін»деген белгімен көрсетілген мерзімде өтінімді (медиасалаға қосқан үлесін және жұмыс тәжірибесін көрсете отырып) жолдай алады.