Еуропаның бірқатар елінде коронавирусқа қатысты ахуал ушығып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысының телеграм каналына сілтеме жасап.
Испания соттарына ел билігі мен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Арызданушылар мемлекеттік органдарды коронавируспен күрес аясында басқа ауыр аурулармен, атап айтқанда онкологиямен ауыратын науқастар медициналық көмексіз қалды деп айыптауда.Германияда шектеу шараларын күшейту жайындағы жиын 25 қарашаға дейін кейінге қалдырылды. Канцлер Ангела Меркель 16 федералды штаттың басшылары оның індетті болдырмау үшін қатаң шараларын қолдануға тырысып жатқанына қарсы екенін айтты.Австрияда 17 қарашадан 6 желтоқсанға дейін мектептер мен азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары жабылады. Федералды канцлер Себастьян Курц бұл шаралардың эпидемияның өршуіне байланысты қажетті шара екенін айтты.
Ұлыбританияда Үкіметі халықаралық гуманитарлық көмекке жұмсалатын шығындарды уақытша қысқарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл пандемиямен байланысты бюджеттік шығындардың көбеюіне байланысты екенін айтты - атап айтқанда, медициналық мекемелерді жабдықтауға және қашықтықтан жұмыс істей алмайтын адамдарға қаржылай көмек төлемдері.Шотландияда үкімет елдің батысындағы 11 ауданда, соның ішінде Шотландияның ең үлкен Глазго қаласында шектеу шараларын күшейтетіндігін мәлімдеді. Жұма күнінен бастап азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, пабтар мен мейрамханалар және спорт залдары жабылады.