• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2020

Ордабасылық өнім косметика саласында үлкен сұранысқа ие

239 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға "BS-Agro Product" ЖШС суаруды қажет етпейтін "Сitrullus Lanatus" сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна өнім жинап алған. Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің мәліметінше, ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 43 млрд 175 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 371 мың теңгеге артқан. Биылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында 5 млрд 139 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38050 тонна өнім жинайтын 16 қойма бар. Сонымен қатар, биыл Бадам ауыл округінен "Александровский сад" ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сыйымдылығы 1670 тонналық, құны 815 млн теңге болатын заманауи қойманы іске қосу көзделуде.