• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2020

Пара алған полицей сотталды

364 рет
көрсетілді

Заң қызметкерлері арасында заңды белшесінен басу фактілері бұл күнде жаға ұстатар жаңалық емес. Қызмет бабын асыра пайдаланғанымен қоймай бірнеше мәрте алаяқтық жасап, пара беруге мәжбүрледі деп күдікке ілінген алматылық полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.

Бес жылға темір торға тоғы­тылған  тәртіп сақшысы,  «поли­ция майоры» шенінен де қа­ғылды. Аталған  қылмыстық іс Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты №2 сотында қаралған болатын. Құзырлы орынның баспасөз қызметі хабарлағандай «күдікті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен, 28-ба­бының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды».

Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылы полиция қызметкері полицияның ауылдық бөлімін басқара отырып, Алматы облы­сында жер алып беруге көмек­тескені үшін 8 мың АҚШ долларын алған. 2014 жылы ол бас­қарма басшысының орынбасары болып тұрған тұста  борышкерді іздеу желеуімен тағы бір адамнан «Merсedes Benz E-280» маркалы көлігін және 5 мың АҚШ долларын алыпты. Сонымен қа­тар 2020 жылы полиция­ның уәкі­летті тұлғасы бола тұра, қыл­­мыстық іс жасаған адамға бұл­­тартпау шарасын айқындау кезінде және жазаны жұмсартуға көмектескені үшін 7 мың АҚШ доллары мен 150 мың теңге пара беруге мәжбүрлеген.

Мұндай жағдайлар қоғамның полицияға деген сенімін сейілте беретіні сөзсіз. Ішкі істер минис­трлігі жүргізіп жатқан рефор­ма­лар аясында тәжірибелі әрі адал кәсіби мамандарды сақтап қалудың кешенді шараларын қа­растыру керек-ақ. Сонымен бір­ге  жас кәсіби мамандарды іріктеу барысында олардың сы­­­байлас жемқорлыққа қарсы им­­­муните­тін тексеру мәселесі де ба­са на­зар аударуды қажет ете­­тіндей.

 

АЛМАТЫ