• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Қараша, 2020

Сенат депутаты НАТО Парламенттік Ассамблеясының 66-шы сессиясына қатысуда

145 рет
көрсетілді

18 қарашада НАТО ПА-ның жылсайынғы 66-шы сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан депутат Нұржан Нұрсипатов байқаушы ретінде қатысады.

Одаққа мүше 30 мемлекет пен серіктес елдерден 200-ден астам парламент мүшелері алты күн бойы коронавирус пандемиясының қатері, НАТО-ның болашағы, Қытайдың әлем күштерінің тепе-теңдігіне әсері, Қара теңіз, Балқан және Парсы шығанағы аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайы, сондай-ақ қорғаныс инновациялары және энергетикалық қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді талқылайды.

Шараға заң шығарушылардан басқа НАТО-ның Бас хатшысы Й.Столтенберг, ұйымның жоғары лауазымды тұлғалары және қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысады.