• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1256

250 рет
көрсетілді

2013 жылғы 25 қараша, Астана, Үкімет Үйі

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандардаярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар, үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 – 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:мына:«Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін    500                1881,5    2945,1

»деген жол мынадай редакцияда жазылсын:«Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін    539                1 700    3 400

»;мына:«Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға    500                1505,0    3098,2

»;деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға    537                1418    2 836

»;көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 — 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:«Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:мына:«    Назарбаев Университеті                  140                  2106,3    4212,7

деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «    »;Назарбаев Университеті                97                      2 500    5 000

».2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар