• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2020

Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылады

209 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға сәйкес шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ұзартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, спорт-барлар, асханалар), оның ішінде сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден бастап 23:00-ге дейін шектеледі", дейді өңірдің бас санитар дәрігері.

Сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетпейтін жұмыс орындары әдеттегідей жұмыс істей береді;

салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, тойлар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады;

фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына, қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға тыйым салынады

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, авто қосалқы бөлшектер дүкендері, АВТО-экспресс (тамақты сыртқа шығару), автожуу, шиномонтаждау, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу, телефондар мен компьютерлерді жөндеу жұмыстары қалыпты режімде жұмыс істей береді;

50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс істей алмайды. Бұл ретте жеткізуді немесе шығару режімінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілері қалыпты режімде жұмыс істейді;

Қоғамдық көлік жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Бұл жағдайда жолаушылар маска киіп, автобус толымдылығы бақылауда болуы қажет.