• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2020

Өскеменде Пушкинге ескерткіш қойыла ма?

355 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Пушкинге ескерткіш қою үшін қоғаммен ақылдасатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Естеріңізге сала кетсек, Өскемендегі Қазбек би даңғылының бойына  Пушкиннің ескерткішін қою жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов шаһар басшысына тапсырма берген болатын. Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын да тудырған.    

- Өскеменде Пушкинге ескерткіш қою жоспарда бар. Бірақ халықпен ақылдасамыз. Екі жобаны қарастырып отырмыз. Мүмкін Абаймен бірге қоямыз. Ескерткіш жермен ғана байланысты болмауы керек. Біз дүниежүзілік мәдениетке де талпынғанымыз жөн. Әзірше сұрақтың басы ашық. Халық пікіріне лайық шешім шығарамыз, - деді Даниал Ахметов баспасөз конференциясында.

Өскемен