2013 жылғы 24 қыркүйек, Астана қаласы
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеге сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауы жүзеге асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту департаменті:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;4) осы бұйрықтың облыстардың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С. М. Жұманғаринге жүктелсін.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Б.САҒЫНТАЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы А.Смайылов 2013 жылғы 20 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №239/НҚ бұйрығымен бекітілген
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер1. Осы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленген.2. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын (бұдан әрі - Мониторинг) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді (бұдан әрі - АЕМ) анықтау мақсатында жыл сайын жүргізіледі. 3. Мониторингті өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Ақпарат көздері4. Мониторингті жүзеге асыру үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері;2) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттар;3) ведомстволық статистикалық байқаулар деректері.
3. Мониторинг жөніндегі ақпаратты құру және ұсыну тәртібі5. Мониторинг жөніндегі ақпарат осы Нұсқаулыққа 1-11-қосымшаларға сәйкес АЕМ әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі нысандарының (бұдан әрі – Мониторинг нысандары) негізінде қалыптастырылады.6. Мониторинг нысандары бойынша ақпаратты (бұдан әрі - Ақпарат) ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтардың әкімдері құрады.Ақпарат әрбір АЕМ бөлінісінде шаруашылық бойынша есепке алу кітабының, статистика органдарының, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың жалпыға бірдей қолжетімді деректерінің негізінде қалыптастырылады және ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қолымен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынылады.7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары алынған ақпаратты әрбір АЕМ бөлінісінде зерделейді және талдайды және қажет болған жағдайда оны толықтырады, жинақталған талдау жазбасын дайындап, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолымен мүдделі облыстық басқармаларға, департаменттер мен ұйымдарға зерделеуге және келісуге ұсынады.Мүдделі облыстық басқармалар, департаменттер мен ұйымдар зерделеп, келіскеннен кейін талдау жазбасы бар ақпарат жинақтау үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылады.8. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы алынған ақпаратты зерделейді, талдайды және оның негізінде облыстың ауылдық аумақтарын дамыту жөнінде қорытынды талдау ақпаратын дайындайды және облыс әкімінің немесе оның орынбасарының қолымен өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 9. Өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган алынған ақпаратты талдап, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ауылдық аумақтарды дамыту жөнінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін талдау жазбасын жолдайды.
4. Талдау ақпаратының мазмұны10. Талдау ақпараты мониторинг нысандарының бөлінісінде сандық және сапалық көрсеткіштерді, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қаржы қаражаттарын, әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін, шағын және орта бизнесті дамыту, өңір экономикасының басым салаларын дамыту көрсеткіштерін, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсете отырып, құрылады.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
НысанАгроөнеркәсіптік кешен субъектілері туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ ж.Индексі: 1-нысан Экономика
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыстың әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Ұсыну мерзімі: 1 мамырға дейін
№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны Ауылдық аула саны, бірлік Шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны, бірлік барлығы оның ішінде АҚ ЖШС ТК ШҚ СДО АТК АКС Жеке кәсіпкерлер басқа субъектілер *1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Ірі (базалық) кәсіпорынның болуы (атауын көрсету) Мал басы барлығы, бас барлық құс түрлері ІҚМ жылқылар қойлар және ешкілер шошқалар түйелер Барлығы оның ішінде асыл тұқымды оның ішінде сиырлар Барлығы оның ішінде асыл тұқымды Барлығы оның ішінде асыл тұқымды Барлығы оның ішінде асыл тұқымды Барлығы оның ішінде асыл тұқымды Барлығы оның ішінде асыл тұқымды 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Өңдеу цехтарының саны, бірлік Тіркелген а/ш техникасының саны, бірлік комбайндар тракторлар басқа өзі жүретін а/ш және жол-құрылыс машиналарыбарлығы оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері өсімдік шаруашылығы өнімдері балық өнімдері басқалар 31 32 33 34 35 36 37 38
Қызмет көрсету саласының объектілері Жалпы тұрғын үй қоры, м2 1 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету, м2 Қашықтық, км ЕскертпеБАРЛЫҒЫ оның ішінде Барлығы, бірлік онда жұмыспен қамтылған адам саны, адам Сауда Тұрмыстық қызмет көрсету Қоғамдық тамақтану облыс орталығынан аудан орталығынан ауылдық округ орталығынан т/ж станциясынан ең жақын қаладан объектілердің саны онда жұмыспен қамтылған адам саны, адам объектілердің саны онда жұмыспен қамтылған адам саны, адам объектілердің саны онда жұмыспен қамтылған адам саны, адам 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54
* - теміржол, энергетикалық компаниялардың филиалдары мен бөлімдері және басқалар
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме1. Осы түсініктеме агроөнеркәсіптік кешен субъектілері туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-6-бағандарда – халық саны және ауылдық аула саны көрсетіледі;7-16-бағандарда – нақты АЕМ-дағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы саны көрсетіледі;17-бағанда – нақты АЕМ-ның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей байланысты ірі (базалық) кәсіпорынның атауы көрсетіледі;18, 20, 22, 24, 26, 28-бағандарда – шаруашылық бойынша кітаптың деректері бойынша ірі қара малдың (оның ішінде сиырлар), жылқылар, қойлар және ешкілер, шошқалар, түйелер бөлінісінде мал басының саны көрсетіледі;19, 21, 23, 25, 27, 29-бағандарда – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық статистикалық деректері бойынша асыл тұқымды малдардың саны көрсетіледі;30-бағанда – барлық құс түрлерінің саны көрсетіледі;31-35-бағандарда – нақты АЕМ-дағы өңдеу цехтарының жалпы саны көрсетіледі;36-38-бағандарда – нақты АЕМ-дағы тіркелген ауыл шаруашылығы техникасының саны көрсетіледі;39-46-бағандарда – сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану салаларына бөлінетін қызмет көрсету саласы объектілерінің жалпы саны және онда жұмыспен қамтылған адамдардың саны көрсетіледі;47-48-бағандарда – жалпы тұрғын үй қоры және 1 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетіледі;49-53-бағандарда – АЕМ-ның әлеуетті өткізу нарықтарынан (облыс, аудан, ауылдық округ орталықтарынан, темір жол станциясынан, ең жақын маңдағы қаладан) қашықтығы;54-бағанда – АЕМ бойынша ескертпе көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
НысанЖер ресурстары және ирригациялық (суармалы) жүйелер туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 2-нысан Жер ресурстары
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынадыҚайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны Аумағының жалпы алаңы, га1 2 3 4 5 6
оның ішінде Ирригациялық (суармалы) жүйелердің болуы Барлық егін алаңы - барлығы, га ЕскертпеАуылдық елді мекендердің жерлері, га Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, га Қордың және арнайы жер қорының жерлері, га Басқа жерлер (өнеркәсіп жерлері, ерекше қорғалатын, орман және су қоры, сондай-ақ қалалардың жерлері), га барлығы оның ішінде А/ш мақсатындағы жерлер топырағының тұздану деңгейі, % оның ішінде бар пайдаланылады/пайдаланылмайды Егістік шабындық Жайылымдар басқалар (тыңайған жер және т.б.) барлығы Егістік шабындық жайылымдар басқалар (тыңайған жер және т.б.) барлығы бонитеттің орташа балы оның ішінде суармалы барлығы оның ішінде Барлығы бонитеттің орташа балы табиғи жайылымдар жемшөп дақылдарының егістігі (егілген) 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.
Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Жер ресурстары және ирригациялық (суармалы) жүйелер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме1. Осы түсініктеме жер ресурстары және ирригациялық (суармалы) жүйелер туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-бағанда – АЕМ-ның халық саны көрсетіледі;6-бағанда – АЕМ аумағының жалпы алаңы көрсетіледі;7-бағанда – АЕМ жерлерінің алаңы көрсетіледі;8-17-бағандарда – егістік, шабындық, жайылымдар және басқа жерлер бөлінісінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің алаңы, сондай-ақ егістік бонитетінің орташа балы және топырағының тұздану деңгейі көрсетіледі;18-23-бағандарда – егістік, шабындық, жайылымдар және басқа жерлер бөлінісінде қордың және арнайы жер қоры жерлерінің алаңы көрсетіледі;24-бағанда – басқа жерлердің (өнеркәсіп жерлері, ерекше қорғалатын, орман және су қоры, сондай-ақ қалалардың жерлері) алаңы көрсетіледі;25-26-бағандарда – ирригациялық (суармалы) жүйелердің болуы және олардың пайдаланылуы көрсетіледі;27-бағанда – нақты АЕМ-дағы барлық егістік алаңы көрсетіледі;28-бағанда – АЕМ бойынша ескертпе көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша
Нысан
Демографиялық көрсеткіштер және ауыл халқын жұмыспен қамту туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 3-нысан Демография және жұмыспен қамту
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны оның ішінде Туғандар саны Өлгендер саны Көшіп келгендер саны Көшіп кеткендер саны еркектер әйелдер Барлығы жасы Барлығы жасы 16 дейін 16-29 30-62 63 және жоғары 16 дейін 16-29 30-57 58 және жоғары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Көші-қон сальдосы (+, -) Жұмыспен қамту Аулалар саны Отбасылар саны АӘК алушылардың саны, адам Экономикалық тұрғыдан белсенді халық барлығы оның ішінде жұмыспен қамтылғандар олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыздар оның ішінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Демографиялық көрсеткіштер және ауыл халқын жұмыспен қамту туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме1. Осы түсініктеме демографиялық көрсеткіштер және ауыл халқын жұмыспен қамту туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-бағанда – АЕМ-ның халық саны көрсетіледі;6-10-бағандарда – жас санаттары бойынша (16-ға дейін, 16-дан 29-ға дейін, 30-дан 62-ге дейін, 63-тен және одан жоғары) еркектердің саны көрсетіледі;11-15-бағандарда – жас санаттары бойынша (16-ға дейін, 16-дан 29-ға дейін, 30-дан 57-ге дейін, 58-ден және одан жоғары) әйелдердің саны көрсетіледі;16-20-бағандарда – туғандар, өлгендер, көшіп келгендер, көшіп кеткендер және көші-қон сальдосының саны көрсетіледі;21-25-бағандарда – экономикалық тұрғыдан белсенді халық, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың (олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), жұмыссыздардың (оның ішінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны) жалпы саны көрсетіледі;26-бағанда – аулалар саны көрсетіледі;27-бағанда – отбасылар саны көрсетіледі;28-бағанда – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша
НысанСумен жабдықтау түрлері туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 4-нысан Сумен жабдықтау
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны Сумен жабдықтау түрі орталықтандырылған Су алу көзі Кент ішіндегі су құбыры желісінің ұзындығы (км) оның іщінде қолданыстағы (км) Орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны оның ішінде таза су резервуары су ағынды мұнара немесе ағын резервуары су тарату бағаналары су тартатын бағаналарды пайдаланатындар су құбыры үйге кіргізілген саны, дана оның ішінде қолданыстағы саны, дана оның ішінде қолданыстағы саны, дана оның ішінде қолданыстағы1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Сумен жабдықтау түрі Ауыз судың сапасы (СЭС-қа сәйкес келуі, келмеуі) Топтық су құбырларының атауыорталықтандырылған орталықтандырылмаған тасымалы Сумен жабдықтау жүйесі салынған жыл Кімнің меншігіне тиесілі Объектіге қызмет көрсететін ұйым Орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны оның ішінде Тасымалы суды пайдаланатын халық саны суды тасу қашықтығы (км) жер асты жер үсті (өзен, көл, бұлақ) су тарату бекетінен ұңғымадан құдықтардан су тазарту қондырғыларымен су тазарту қондырғыларысыз 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Сумен жабдықтау түрлері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме1. Осы түсініктеме сумен жабдықтау түрлері туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-бағанда – АЕМ-ның халық саны көрсетіледі;6-бағанда – су алу көзі (жер асты, жер үсті және т.б.) көрсетіледі;7-8-бағандарда – кент ішіндегі су құбыры желісінің, оның ішінде қолданыстағы су құбыры желісінің ұзындығы көрсетіледі;9-11-бағандарда – орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны, оның ішінде су тартатын бағаналарды пайдаланатындар және су құбыры үйге кіргізілген көрсетіледі;12-13-бағандарда – таза су резервуарларының, оның ішінде қолданыстағы саны көрсетіледі;14-15-бағандарда – су ағынды мұнара немесе ағын резервуарларының, оның ішінде қолданыстағы саны көрсетіледі;16-17-бағандарда – су тарату бағаналарының, оның ішінде қолданыстағы саны көрсетіледі;18-20-бағандарда – сумен жабдықтау жүйесі салынған жылы, кімнің меншігіне тиесілі және объектіге қызмет көрсететін ұйым көрсетіледі;21-26-бағандарда – орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланатын халық саны, оның ішінде су тазарту қондырғылары орнатылған және орнатылмаған жер асты көзі (су тарату бекетінен, ұңғымадан, құдықтардан), жер үсті көзі (өзен, көл, бұлақ) көрсетіледі;27-28-бағандарда – тасымалы суды пайдаланатын халық саны және суды тасу қашықтығы көрсетіледі;29-бағанда – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет нормаларына сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін ауыз судың сапасы көрсетіледі;30-бағанда – топтық су құбырларының атауы көрсетіледі.Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша
НысанБайланыс, электрмен жабдықтау және газдандыру туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 5-нысан Байланыс, электрмен жабдықтау және газдандыру
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны Байланыс Пошта байланысы бөлімшелерінің саны АТС нөмірлерінің сыйымдылығы АТС түрі (цифрлық немесе аналогтік) Тіркелген телефондық желілердің саны, барлығы оның ішінде Ұялы байланыстың болуы (Kcell, Kmobile, басқалар) Телефонды ұжымдық пайдалану бекеттерінің саны, бірлік жеке тұлға заңды тұлға Стационарлық Жылжымалы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Электрмен жабдықтау ГаздандыруОрталықтандырылған электрмен жабдықтаудың болуы (иә, жоқ) ЭТЖ-ның ауыл ішіндегі ұзындығы, км тозу % Кешенді трансформаторлық қосалқы станция, трансформаторлық қосалқы станция Газбен жабдықтау Ескертпе Саны, бірлік тозуы % табиғи газбен жабдықталған үйлердің % Сұйытылған газдың болуы (баллонда), иә/жоқ орталықтандырылған баллондарды ауыстыру пункттерінің болуы 15 16 17 18 19 20 21 22 23
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.
Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Байланыс, электрмен жабдықтау және газдандыру туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Осы түсініктеме байланыс, электрмен жабдықтау және газдандыру туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі – Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-бағанда – АЕМ-ның халық саны көрсетіледі;6-7-бағандарда – пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық немесе жылжымалы) саны көрсетіледі;8-9-бағандарда – автоматикалық телефон станциясының (АТС) нөмірлер сыйымдылығы және АТС түрі (цифрлық немесе аналогтік) көрсетіледі;10-12-бағандарда – тіркелген телефон желілерінің жалпы саны, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың нөмірлері көрсетіледі;13-бағанда – ұялы байланыстың болуы көрсетіледі;14-бағанда – телефонды ұжымдық пайдалану бекеттерінің саны көрсетіледі;15-бағанда – орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың болуы көрсетіледі;16-17-бағандарда – электр тарату желілерінің ауыл ішіндегі ұзындығы және олардың нақты тозуы көрсетіледі;18-19-бағандарда – кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларының саны (КТҚС, ТҚС) және олардың нақты тозуы көрсетіледі;20-бағанда – табиғи газбен жабдықталған үйлердің % көрсетіледі;21-бағанда – сұйытылған газдың болуы (баллонда) көрсетіледі;22-бағанда – орталықтандырылған баллондарды ауыстыру пункттерінің болуы көрсетіледі;23-бағанда – АЕМ бойынша ескертпе көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша
НысанЖергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 6-нысан Жолдар
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны АЕМ-ды аудан орталығымен байланыстыратын жолдың ұзындығы, км Жолдың жай-күйі (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) Кент ішіндегі жолдың ұзындығы Автобус қатынасы (бар, жоқ) Ескертпе барлығы оның ішінде барлығы оның ішінде қатты жабынмен, км оның ішінде жолдың жай-күйі қатты жабынды топырақты жол жоқ жақсы қанағаттанарлық қанағаттанғысыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Осы түсініктеме жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан әрбір ауылдық елді мекен бойынша (бұдан әрі - АЕМ) мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – әрбір АЕМ-ның реттік нөмірі көрсетіледі;2-4-бағандарда – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдық округтың немесе кенттің, АЕМ-ның толық атауы көрсетіледі;5-бағанда – АЕМ-ның халық саны көрсетіледі;6-9-бағандарда – АЕМ-ды аудан орталығымен байланыстыратын жолдың жалпы ұзындығы, оның ішінде жабын түрлері бойынша (қатты, топырақты, жол жоқ) көрсетіледі;10-бағанда – аудан орталығына дейінгі жолдың жай-күйі (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) көрсетіледі;11-15-бағандарда – АЕМ ішіндегі жолдың жалпы ұзындығы, оның ішінде қатты жабынмен және жолдың жай-күйімен (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) көрсетіледі;16-бағанда – автобус қатынасының болуы көрсетіледі;17-бағанда – АЕМ бойынша ескертпе көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауынжүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша
НысанОблыстық және аудандық маңызы бар жолдар туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 7-нысан Жергілікті маңызы бар жолдар
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін № Автожолдың индексі Автожолдың атауы Жалпы ұзындығы, км оның ішінде жабын түрлері бойынша, км Асфальт-бетонды қара Қиыршық тас-шағылтасты топырақты1 2 3 4 5 6 7 8
Жол жабынының жай-күйін бағалау Жүргізілген жол төсемін жөндеу-салу жұмыстары Қажеттілік, кмжақсы қанағаттанарлық қанағаттанғысыз Жұмыс түрі (құрылыс, жаңарту, орташа, ағымдағы жөндеу) ұзындығы, км күрделі жөндеу орташа жөндеуұзындығы % ұзындығы % ұзындығы % 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
Басшы (ұйымның атауы) (Т.А.Ә., қолы) М.О.Жауапты орындаушы (бөлімнің атауы) (Т.А.Ә., қолы) Телефон:
«Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме1. Осы түсініктеме облыстық және аудандық маңызы бар жолдар туралы мәліметтерді толтыру бойынша (бұдан әрі - Нысан) талаптарды айқындайды.2. Нысанға жауапты лауазымдық тұлға, оның басшысы қол қояды және мөрмен растайды.3. Нысан мынадай түрде толтырылады:1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі;2-3-бағандарда – облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың индексі және оның толық атауы көрсетіледі;4-8-бағандарда – облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың, жалпы ұзындығы, оның ішінде жабын түрлері бойынша (асфальт-бетонды, қара, қиыршық тас-шағылтасты, топырақты) көрсетіледі;9-14-бағандарда – облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың жай-күйінің түрлері бойынша (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) ұзындығы көрсетіледі;15-16-бағандарда – жүргізілген жол төсемін жөндеу-салу жұмыстарының түрлері (құрылыс, жаңарту, күрделі, орташа немесе ағымдағы жөндеу) және жөнделген жолдардың ұзындығы көрсетіледі;17-18-бағандарда – күрделі және орташа жөндеуді қажет ететін облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың ұзындығы көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша
НысанБілім беру объектілері бойынша мәліметтер Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: 8-нысан Білім беру
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауылдық округтың, ауылдың, кенттің әкімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсынады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі облыс әкімдігіне ұсынады
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тапсыру мерзімі: 1 мамырға дейін№ Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы Ауылдық округ немесе кент атауы Ауылдық елді мекен атауы Халық саны Балалардың саны, адам барлығы Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) Мектеп жасындағы (мектептерде және колледждарда оқушылар) 6-дан 10 жасқа дейін 11-ден 14 жасқа дейін 15 жастан асқан1 2 3 4 5 6 7 8 9 &nb