Есірткінің заңды айналымы саласында қылмыстарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан «Дәрмек» іс-шарасының 4 күнінде полицейлер дәріханаларда фармацевтикалық қызметтің қағидаларының сақталуын тексеріп, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 және ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша лицензия нормалары талабын сақтамаудың 1 дерегін анықтады.
Қазалы ауданында орналасқан дәріханаларды тексеру барысында фармацевтикалық қызметтің қағидаларын бұзудың 3 дерегі анықталып, айғақ зат ретінде дәрілік препараттары алынды.
Жаңақорған ауданындағы дәріханаларды тексеру барысында фармацевтикалық қызметтің қызметтің қағидаларын бұзудың 2 дерегі белгілі болды.
Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде 65 дәріхана, 54 қойма, 35 өндірістік объектілер тексерілді.