Біреудің ала жазжай тырбаңдап, қорасындағы малына жинаған шөбін өртеп жіберу де үлкен қылмыс. Бұл біреудің маңдай тер, табан ақысы жоқ қылу деген сөз.
Осындай өрескел оқиға Ғ.Мүсірепов ауданындағы Қарабай (Чернобаевка) ауылында болды. Белгісіз қылмыскер осы ауылдың 37 жастағы тұрғынының бір мая шөбін өрттеп жіберіп, иесіне 600 мың теңгеден астам шығын келтірген. Шөптің жалпы көлемі 25 тонна болған.
Полицияның жедел-тергеу тобы бұл іске күдіктілерді оңай тапты. Олар 1989 жылы туған осы ауылдың екі маскүнем тұрғыны болған. Олар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жәбірленушіні жақтырмауларынан оған зиян келтіргенін айтқан. Қазір екі әңгүдіктің үстінен қылмысты іс қозғалып, келуі туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Абырой болғанда, өрт қора-қопсыға, үйге тараған жоқ. Үйде иесінен басқа отбасы мүшелері болатын. Өрт сөндірушілер өртті тез арада ауыздықтаған.
Солтүстік Қазақстан облысы