• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қараша, 2020

Швецияның Риксдагында Орталық Азия парламенттерімен достық қауымдастығы алғаш рет құрылды

95 рет
көрсетілді

Швецияның Риксдагында Орталық Азия парламенттерімен достық қауымдастығы алғаш рет құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швед саясаткерлерінің бұл маңызды қадамы осы ең ірі Скандинавия елі мен кең байтақ Орталық Азия аймағы арасында көп қырлы қатынастарды нығайтуға жағдай жасайтын сұхбат үшін кеңістікті құруға бағытталған. Парламентарийлер алдында тұрған бұл және басқа да маңызды міндеттер туралы Қауымдастықтың Төрағасы Ханна Вестерин Риксдагтың бірқатар депутаттарының, соның ішінде Риксдагтың Бірінші вице-спикері Оса Линдестамның қатысуымен онлайн рәсімінде айтты. Осы топқа кең спектрлі мәселелермен айналысатын әртүрлі саяси партия өкілдерінің кіретіні назар аудартады.

Қауымдастықтың алғашқы құрылтай отырысына Қазақстанның Швециядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов шақырылды. Ол отырыстың қатысушыларын Орталық Азияда қалыптасқан достық пен көршілік қатынастармен, аймақтың үлкен экономикалық әлеуетімен, Қазақстан мен Швеция арасындағы дәстүрлі тығыз ынтымақтастықтың жағдайымен және болашағымен, сондай-ақ Қазақстан қоғамындағы реформа үдерістерімен таныстырды.

Швеция парламентарийлері алдағы Қазақстандағы Парламент пен Қырғызстандағы Президент сайлауына ерекше мүдделілік танытты. Қауымдастықтың мүшелері Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар мен геосаясаттың басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қауымдастық құрылуының уақытылығына ерекше көңіл аударылды, оның қызметі парламенттер арасында да, Швеция мен Орталық Азия халықтары арасында да тығыз және тұрақты қатынастарды нығайту үшін тірек болады. Тараптардың өзара іс-қимылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық және демократиялық дамудың озық тәжірибесімен алмасуға, мәдени баюға, инвестицияларды тарту мен сауданың дамуына жағдай жасайтын болады.