Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарында темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамту мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.
Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешен қолданылып, темір жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды тексеру нәтижесінде (тексеру қазан айында Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді) жолаушылар мен жүк пойыздары жүретін темір жолдарда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1 мыңнан астам қателік анықталды. Тексерудің қорытындысына сәйкес, шойын магистральды күтіп ұстауға қатысты олқылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға байланысты 127 темір жол мен 108 бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылып, 350 жылдамдық шектеулері енгізілді. Сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бірлігін пайдалану тоқтатылды. Бұл олқылықтарды жойғанға дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстары мен басқа да өңірлерде қозғалыс шектеліп, жолаушылар мен жүк пойыздарының жүру кестесінде өзгерістер байқалды.
Биылғы он айда темір жол көлігі субъектілері қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты 826 дерек тіркеліп, көліктік бақылау қызметкерлері 53 млн теңгеге жуық қаражатқа әкімшілік материалдар толтырды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда аталған бағытта өрескел қателіктердің өскені (2019 жылы 808 бұзушылық тіркелді) байқалады.