• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Қараша, 2020

Кәсіпкер 10 оттегі концентраторын тарту етті

166 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер аудандық орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентраторын тарту етті. Індетке шалдығып, өздігінен демала алмайтындарға бұл үлкен көмек болмақ.

Мұндай көмекті мүмкіндігі бар әрбір азамат жасауы тиіс деп санайтын кәсіпкер игі ісін жария етуді жөн санамайтынын сездірген. Дегенмен, індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын күшейткен медицина қызметкерлерінің жомарт жігітке айтар алғысы шексіз. Бүгін­де әрбір көмек аурухана үшін де, аудан тұрғындары үшін де маңызды. Дәрігерлердің біліктілігінің, өз мін­детіне жауапкершілікпен қарауы­ның және науқастарға қолұшын созып қолдау көрсеткен жомарт жан­дар­дың қайырымды істерінің нәти­жесінде Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан 3 371 нау­­қас жазылып шыққан. Оның 2 377-де ауру симптомсыз өткен.

Қазіргі таңда өңірдегі меди­ци­на­лық мекемелердің инфекция­лық стационарларында 35 адам ем қабылдауда. Вирусты пневмониямен 29 адам және 6 науқас корона­вирус инфекциясымен тіркелген. Науқастардың барлығы – ересектер. Оның ішінде үш жүкті әйел – жұқ­палы ауруханалар бөлімдерінің дәрігерлік бақылауында. Жағдай­ы қанағаттанарлық және өкпені жасанды желдету аппаратына таңыл­ғандары жоқ.

Жалпы, Түркістан облысын­­да пан­демия басталған сәттен бас­тап COVID-19 дерегі расталған

3 444 жағ­дай тіркелді. Оның ішін­де 2 394-і – симптомсыз. Дерт­­ке шал­дық­қандардың 1 577-сі облыс стацио­нарларында ем қа­был­даған. Аурушаңдық үш жасқа дейінгі балалар арасында аз тіркелген. Олардың саны – 44 (2,8%). Ал 3 жастан 18 жасқа дейінгілер ара­сында – 75 (4,8%), 18-ден 55 жас­қа дейінгі еңбекке қабілетті жас­тағы 956 адам (60,6%) ауырған. Коро­навирус, әсіресе аға буынға ауыр тиді. 55 жастан асқан 502 адам (31,8%) жұқтырған. Індетке шалдық­қандардың көбі – ер адамдар.

Түркістан облысы қоғамдық ден­саулық басқармасының мәліме­тінше, бүгінде аймақтағы инфекциялық стационарларда COVID-19 екінші толқынына дайындық мақсатында 600 төсектік орын әзірленген. Бұған қоса 340 орындық карантиндік стационарлар жасақталған. Оқшаулау бөлімдерінде 99 азамат бақылауда. Пандемия басталғалы облыс зертханаларында 254 325 ПТР-сынамасы алынған.

 

Түркістан облысы