• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қараша, 2020

Әдеби форум аясында – жаңа кітап

438 рет
көрсетілді

Былтыр Қарағандыда «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында ақын, мемлекет және қоғам қайрат­кері Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл­ды­ғына арналған жас ақындар мен жа­зушылардың республикалық форумы өткен еді.

Әдеби басқосудың нәтижесі ретінде, күні кеше ғана семейлік жас ақын Бауыр­жан Игіліктің жыр кітабы жарыққа шықты.

«Тағдыр көзі» деп аталатын жаңа жи­нақ­қа автордың лирикалық өлеңдері мен балладалары һәм «Медея» поэмасы еніп отыр. Сондай-ақ кітап белгілі меценат Нұр­лан Дулатбековтің демеушілігімен, Қасым сериясымен «Болашақ» баспасынан 1000 данамен жарық көрді.

Айта кетейік, әдеби форумның аясында екі жас ақынның кітабы шығарылатын болған еді. Бауыржан Игіліктің өлеңдер жинағы оқырман қолына тисе, ал екінші автор – маңғыстаулық Еділбек Дүйсеннің кітабы меценат Бекзат Алтынбековтің қар­жы­ландыруымен алдағы уақытта жарыққа шықпақ.