Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.