• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Патрульдік полиция жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті

250 рет
көрсетілді

Патрульдік полицияны жүргізушілер тек тексеруді білетін, тексерсе бір ұсақ-түйекке бола жолдан қалдырып, хаттама толтыратын мазасыз қызмет деп біледі. Сондықтан олардың қара жолдың бойында кездеспегенін қалайды. Ал олардың көмек қолын созып, қиындықтан құтқаратын сәттері де болатынын біле бермейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда СҚО патрульдік полициясы сондай көмектің бірін жасап, шымкенттік жүргізушілерді риза қылды. Бұл туралы шымкенттік ағайындар өздері бейнекөрініспен СҚО ПД жеткізіп, алғыстарын айтқан. Оқиға былай болған: Түркістан облысының бір шаруашылығына СҚО Жамбыл ауданындағы Орталық ауылынан мал алған екі жүк машинасының бірінің дөңгелегі жарылып жолда қалады. Бұл уақытта қараңғы түскен, далада 13 градус аяз. Тәжірибесі аз жүк машинасының жұқа киінген жүргізушісі әрі тоңып, әрі ебі келмей қиналып жатқанда жанына патрульдік полиция тоқтай қалады. Жетпегені осылар еді деп қиналған жігітке патрульдік полицейлер Әміржан Тоққожин мен Қанат Теңізбаев көмек қолын созып, дөңгелектерін ауыстырып береді. Бұлардың екеуі де мұндайды көп көрген тәжірибелі жігіттер екен. Сөйтіп алыс жолдан келген жүргізуші әбден риза болып кетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы