• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2013

Атырауда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

260 рет
көрсетілді

Кеше Атырау қаласында қарашаның 22-сінен бері 187 былғары қолғап шеберінің қатысуымен өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионаты өзінің мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрамасы ресми емес есепте командалық бірінші орынға ие болды.

Кеше Атырау қаласында қарашаның 22-сінен бері 187 былғары қолғап шеберінің қатысуымен өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионаты өзінің мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрамасы ресми емес есепте командалық бірінші орынға ие болды.

Біріншіліктің ақтық айқасына 10 облыстың боксшылары қатысты. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысының бәсі басымдау болды. Бірақ финалда шайқасқан 5 боксшының екеуі ғана жеңіс­ке жете алды. Мұның есесіне, Ақмола облысының алтын медаль үшін айқасқан 3 боксшысы да сол мақсаттарын орындай білді. Айналып келгенде, бұл көрсеткіш ара салмақты өзгертіп, көкшелік жігіттердің бас бәйгені жұлып әкетуіне мүмкіндік әперді. Сондай-ақ, финалға 3 спортшысын салған Астана құрамасы нәтижесінде бірде-бір алтын медаль ала алмады. Осының өзі оның алдына Алматы қаласы мен Жамбыл облысының жасақтары түсіп кетуіне жол ашып берді.

Айта кету керек, таяуда Алматыда өткен әлем чемпионатында жүлделі орын алған қазақстандық боксшылардың бірде-бірі бұл біріншілікке қатысқан жоқ. Оның есесіне, Азияда топ жарған Теміртас Жүсіпов пен Антон Пинчук Каспий жағасындағы қалада өткен бәсекенің көрігін қыздыруға атсалыс­ты. Ал чемпионатта жастар көбірек бой көрсетті. Бұл үшін биылғы ақпан айында Орал қаласында өткен еліміздің жастар арасындағы чемпионатына қатысқан 60-қа жуық жас боксшының осында келгенін айтсақ та жеткілікті. Бұлардың арасында сол біріншіліктің ақтық сынында өнер көрсеткен 11 балғын атлет болды. Солардың арасынан тек тараздық Айтжан Шілеев қана қола медальге қол жеткізе алды.

Чемпионат барысында сенсациялар да аз болған жоқ. Соның орайында өзінен бұрын деңгейі төмен саналып келген қарсыластарына жол беріп алған Ғани Жайлауов, Манат Өмірзақов, Алмат Серімов, Ілияс Сүлейменов, Рустам Сваев сынды боксшылар болды.

Сонымен, Қазақстанның 2013 жылғы чемпионы атағына мына боксшылар қол жеткізді: 49 кг – Теміртас Жүсіпов (Ақмола), 52 кг – Әділет Құрметов (Қарағанды), 56 кг – Ержан Ордабаев (Атырау), 60 кг – Зәкір Сафиуллин (Оңтүстік Қазақстан), 64 кг – Алмасбек Әлібеков (Оңтүстік Қазақстан), 69 кг – Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл), 75 кг – Сапарбай Айдаров (Алматы), 81 кг – Нұрдәулет Жарманов (Ақмола), 91 кг –Антон Пинчук (Қостанай), +91 кг – Жан Кособуцкий (Ақмола).

Бұл боксшылар енді Қазақстан құрамасы сапына алынады.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ.

Соңғы жаңалықтар