• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2020

Елордалық 10 колледжге "Қасиетті Қазақстан" кітаптары табысталды

359 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Бірлік филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен елорданың 10 орта арнаулы оқу орнына 100 данадан «Қасиетті  Қазақстан» кітаптарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева және елордадағы 10 орта арнаулы оқу орнының басшылары қатысты.

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы мәдени біліктілікті арттыру және оқырман белсенділігін арттыруға бағыттылған.

«Әлемдегі кітапты ең көп оқитын елдер – Қытай, Филиппин, Египет және Еуропа елдері арасында Чехия. Біз де осы қатарға қосыламыз деп үміттенемін. Әрине, егер осы бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізбесек, бұл арнаға ілесе алмай қалуымыз да мүмкін. Бүгінгі шараның басты мақсаты да осы, яғни жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру еді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева. 

«Nur Otan» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметовтың айтуынша, алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп, балабақша меңгерушілерімен де осындай кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Жиында сөз алған колледж басшылары болашақта кәсіптік білім беретін арнаулы орта оқу орындарындағы техникалық кітаптарды қазақ тіліне аудару жағы қолға алынса деген ұсыныстарын білдірді.