• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 25 Қараша, 2020

Сhallenger жарысын сәтті бастады

116 рет
көрсетілді

Бразилияның Флорианополис қала­сында теннистен халықаралық Сhallenger додасы басталды. Аталған сынға Қазақстан сапынан Дмитрий Поп­ко қатысып жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жерлесіміз турнирді сәтті бастады. Бірін­ші кезеңде ол испаниялық Карлос Гомес-Херрерамен бақ сынасты. Үш сетке созыл­ған бәсекеде Дмитрий Попко 6:3, 3:6, 6:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші жұптық бәсекеде де бақ сынайды. Ол жұптық кезеңде ресейлік Теймураз Габашвилимен бірге ойнайды. Алғашқы айналымда олар бразилиялық Густаво Тейсон Перейра/Габриэль Паскотто Тумасонис жұбымен кездеседі.