• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2020

Бағдарламалардың ауылдарға берері көп

286 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының аумағындағы ауылдардың тыныс-тіршілігі ұдайы бақыланып, жетістіктері мен мәселелері сараланып отырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округтерінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды. Ақсуат ауылы жайлы хабарлама жасаған округ әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев 10 ай көлемінде кәсіпкерлік нысандар санының артқанын айтып өтті. Елді мекенде "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына аясында да ауқымды іс атқарылған.

Биыл Қосшыңырау ауылында ауыз су мәселесі толығымен шешіліпті. Округ әкімі Дулат Таубай елді мекенде жол жағдайы да жолға қойылғанын айтты. Жыл басындағы есептік кездесулерде тұрғындар кешкі мезгілде электр қуатының әлсіреп қалатынын айтқан еді. Бұл қала әкімдігінің қолдауымен өз шешімін тапты.

Қос ауылдың тыныс-тіршілігін бағамдап, жыл көлеміндегі жетістіктерін саралаған шаһар басшысы қала іргесінде қанат жайып, күре жолдың бойынан орын тепкен Ақсуатта мемлекеттік бағдарламаларға мойын бұрған азаматтардың қатары әлі де аз екенін айтып, кәсіпкерлік бағытқа келгенде Қосшыңырау да кейін қалып тұрғанын атап өтті. Қала әкімі жыл аяғына дейін қос ауылдың да көрсеткіштерін көтеруді жүктеді.

Сонымен қатар ауылдық округтердегі жол жөндеу, ауыл шаруашылық саласын цифрландыру, тазалық, қылмысты болдырмау мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру жайлы ұсыныстарын жеткізді. Округтер аумағында жасалған қылмыстардың ашылуы бойынша бірқатар сын-ескертпе айтқан қала әкімі қос басшыға да жұмысты ширатуды тапсырды.